25 ақпан 2014 15:34

Қызылордада бағаны негізсіз көтергендер айыппұл төлейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Қызылордада бағаны негізсіз өсіргендер жауапкершілікке тартылады. Бұл жайында Tengrinews.kz тілшісіне облыстық монополияға қарсы инспекция басшысының міндетін атқарушы Алмат Бостанов мәлім етті. Әсіресе, әлеуметтік маңызға ие тауарлардың бағасы қатаң бақылауда болмақ. "Кәсіпкерлер негізсіз баға көтергендері үшін айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Дәл қазір қант бағасын көтерген бір нысанға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан бөлек облыс аумағында күнделекті азық-түлік бағасына мониторинг жасалып отыратын болады", – дейді Алмат Бостанов. Жалпы бағаны өсірмеуге байланысты облыс әкімдігі ірі кәсіпорындармен 46 меморандумға қол қойды. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес арнайы штаб құрылып, сауда нысандарындағы тауар бағасы бақылауға алынды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаевтың айтуынша, негізгі азық-түліктің 33 түрі бар десек, соның он екісінде баға сәл өскен. Шамамен 1-5 пайыз аралығында. Бағаның өсуіне күннің суытуы да әсерін тигізіп отырған сыңайлы. Суықта үсіген өнімдерінің шығынын жабу үшін осындай әрекетке барғандар да бар. Қазір түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Енді олар бағаны ретсіз өсірмейтін болды. Аймақта нанның бағасы бір қалыпты. Ауыл шаруашылық министрлігі, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰҚ» АҚ мен облыс әкімдігі үш жақты меморандумға қол қойған-ды. Соның нәтижесінде өңірге бірінші сортты ұн 51 теңгеден әкелінуде. Ал күріштің бағасы 140 теңгеден аспайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети