24 ақпан 2014 | 12:02

Қызылордада ескерткіш қоюға мораторий жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Қызылорда облысында ескерткіш орнатуға мораторий жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл шешім облыс әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес отырысында қабылданды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қазір өңірдегі кейбір ескерткіштердің жүйесіз салынғанына назар аударды. Олардың арасында ретсіз орналасқандары да бар. Тіпті, тақырыптық деңгейі ашылмаса да кезінде жергілікті басшылар оларды орнатуға рұқсат беріп, қаржы бөлдірген. Ешқандай талғамнан шықпайтын бұл туындылар қарапайым жұртшылық тарапынан реніш те тудырады. Бұл билікке де, көпшілікке де сын. Былтыр ескерткіштерді талапқа сәйкестендіру үшін жұмысшы тобы құрылды. Соның нәтижесінде көзге қораш көрінетін 52 ескерткіш күрделі жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, кеңес отырысы барысында Қызылорда облысын түркология ғылымының қайта жаңғырту орталығы жасау қажеттілігі жайында ұсыныстар айтылды. Бұл жайында Қазақстанның Халық жазушысы Олжас Сүлейменов "Түркологтардың басын қосу жобасы аясында түркологтар одағын құру қажет деп ойлаймын. Ол адамзат баласына аса қажет түркология ғылымының өркендеуіне алтын баспалдақ болады деп санаймын" деді. Қазірде Сыр өңірінде 700-ден астам тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың қатарында тас, қола, темір дәуірінің, орта ғасырлық қала орындары саналады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Мадияр Елеуовтің баяндауынша, соңғы бір ғасырға жуық уақытта Сыр өңірі өте аз зерттелген. Мәселен, Қызылқұм, Қуаңдария, Жаңадария, ескі дарияның бойы мен Аралдың табанын зертетуге енді-енді ғана мән беріліп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети