14 наурыз 2014 17:21

Қызылордада киік атушылар көбейген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазіргі уақытта Қызылорда облыс аумағында "Киіктердің өсіп-өнуін сақтап қалу және браконьерлікке қарсы күрес жүргізудің" 2013-2014 жылдарға арналған бірлескен іс шарасы бекітілді. Бұл шара киіктерді қорғап қалуға бағытталып отыр. Өйткені, Қызылорда облысында аталмыш жануарды оққа байлаған аңшылар саны жыл өткен сайын артып барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осындай келеңсіз оқиғалар облыстың ең шалғайында орналасқан Арал ауданында көбейіп отыр. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жедел қорғау тобы құрылған. Оған аудандық ішкі істер бөлімі, облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясы, ҚР-ның Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне қарасты Орман және аңшылық комитетінің жанындағы "Охотзоопром" ӨБ" кәсіпорыны мамандары кіріп отыр. Ресми мәліметке сенсек өткен жылы заңсыз киік аулаудың 2 дерегі тіркелсе, биылғы жыл басынан бері бұл көрсеткіш 15-ке жеткен. Заң талабы мен аң аулау ережесін бұзу браконьерлік деп танылып, бұған жол бергендер қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Биылғы қыстың суықтығы мен қардың қалыңдығына байланысты Бетпақдала киіктері Арал қаласы, Жақсықылыш кенті, Шижаға, Қарақұм мен Сазды ауылдық округтерінің маңына табиғи өріс аудару жолымен келген екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети