02 қыркүйек 2016 23:10

Лола Кәрімова-Тилляева: Ол бізді тастап кетті...

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстан президентінің кіші қызы Лола Кәрімова-Тилляева Instagram желісінде әкесінің қайтыс болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Өзбекстан президентінің кіші қызы Лола Кәрімова-Тилляева Instagram желісінде әкесінің қайтыс болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ол бізді тастап кетті... Сөз таңдап отырып, өзім сене алар емеспін", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі ресми аккаунтында.

Еске салайық, 2 қыркүйекте Өзбекстан үкіметі ел президенті Ислам Кәрімовтің ауыр жағдайда жатқанын мәлімдеген болатын. Ал өзбек БАҚ-тары Өзбекстан басшысын жерлеу рәсімі Самарқанда өтетінін хабарлап үлгерді.

Айта кетейік, Өзбекстан Республикасының тұңғыш Президенті, мемлекет қайраткері, Өзбекстан ғылым академиясының академигі, Өзбекстан Қаһарманы 1938 жылдың 30 қаңтарында Самарқанда дүниеге келген. 

Кеңес кезінде Өзбекстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болған. Ал 1990 жылдың 24 наурызында Өзбекстан Ұлы Кеңесінің сессиясында Өзбекстан Президенті болып сайланып, конституцияға сәйкес Министр Кабинеті (Уәзірлер маккамасы) төрағасы қызметін қоса атқарды. Елді 1991 жылдан бастап, ел тәуелсіздік алған сәттен басқарып келді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети