18 шілде 2023 17:39

LRT ісі: Ардан мен Сұлтанбековке қатысты сот үкімі күшінде қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сот LRT ісі бойынша сотталушыларға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сот LRT ісі бойынша сотталушыларға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада LTR құрылысы кезіндегі ақша жымқыру дерегіне қатысты атышулы іс бойынша қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының отырысы өтті.

Бұған дейін іс бойынша айыпталушылар мен олардың қорғаушылары істі қайта қарау туралы апелляциялық шағым түсірген болатын.

"Сот алқасы қаулы етті: Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Қанат Сұлтанбеков, Талғат Ардан, Рашид Аманжолов, Жанат Нұрпейісов, Талғат Әшім, Ұлықбек Ачилов, Дәурен Абдыхамитов, Тимур Қасабаев, Дулат Мүсеновке қатысты 2023 жылғы 3 мамырдағы үкімі - өзгеріссіз қалдырылсын. Сотталғандар мен қорғаушылар өтініштері қанағаттандырылмады. Қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енді. Сот актілеріне Жоғарғы Соттың кассациялық сот алқасына шағымдануға, наразылық келтіруге болады", - деді Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Алма Есімова.

Еске салайық, Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты LRT ісі бойынша сот процесінде сырттай үкім шығарған болатын.

LRT ісі: Ардан мен Сұлтанбековке сот үкімі шықты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.9   490.7   4.95 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети