18 шілде 2016 23:13

ІІМ басшысы полицейлерді атқан адамның мотивін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ішкі істер минстрі Қалмұханбет Қасымов полицейлерге шабуыл жасаған адамның мотивін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ішкі істер минстрі Қалмұханбет Қасымов полицейлерге шабуыл жасаған адамның мотивін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айтуынша, Алматыда атыс шығарған адам құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен кек алғысы келген. Ол тонау және қаруды заңсыз сақтау бойынша сотталып, абақтыда болған жылдары үшін полицейлерге өш болған. 

Министрдің айтуынша, 1990 жылғы Руслан Күлікбаев тонау және қаруды заңсыз сақтау бойынша екі мәрте сотты болған. Ол бес жыл және 11 айға бас бостандығынан айырылған. Ол осы үшін полицейлерден кек алмақ болған. Әйелді өлтіргені үшін сотталатынын білген ол тағы бір қылмысқа оқталған.

Айта кетейік, ҰҚК басшысы Владимир Жұмақанов Қауіпсіздік кеңесінің жиынында Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚКД ғимаратына шабуылдаған адам жайлы мәліметті Мемлекет басшысына баяндап берген болатын. Ал одан кейін Ақордадағы Қауіпсіздік кеңесінің жиынында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Президентке Алматыдағы оқиғаның хронологиясын айтып берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети