07 ақпан 2022 19:34

ІІМ қоғамдық сананы манипуляциялау туралы мәлімдеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден кейін мақсатты ақпараттық науқан қоғамдық сананы манипуляциялауды бастады. Бұл туралы ІІМ Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден кейін мақсатты ақпараттық науқан қоғамдық сананы манипуляциялауды бастады. Бұл туралы ІІМ Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділов қазір ақпараттық кеңістікте қаңтардағы оқиғаларды әдейі бұрмалау байқалатынын айтты.

"Митингілердің бейбіт сипаты мен құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттері жарияланып жатыр. Мұның бәрі билік қабылдаған шешімдердің беделін түсіру, ең бастысы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен қатысушылар жауапкершіліктен қасақана жалтаруы үшін жасалып отыр. Қазақстандықтар бұл қоғамдық сананы манипуляциялауға бағытталған мақсатты ақпараттық науқан екенін түсінуі керек", - деді Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сөзін қорытындылай келе, Тергеу департаментінің басшысы азаматтарға тек ресми, тексерілген ақпарат көздеріне сенуді сұрап, көрінеу жалған ақпарат таратуға болмайтынын ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.72   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети