15 шілде 2016 12:48

ІІМ өкілдері абақтыда зорланған әйелдің ісіне қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК телеарнасы © КТК телеарнасы

ҚР ІІМ өкілдері абақтыда зорланған әйелдің ісіне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ІІМ өкілдері абақтыда зорланған әйелдің ісіне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұндай жағдайлар, әрине, болып тұрады. Мен қылмыс жасағандарды ақтап алғым келмейді. Бұл жағдайда басты кінә осы оқиға болған жердің басшыларынан болып отыр. Мұны бәрі мойындап отыр. Қызметтік тергеудің материалдары бойынша, бұл деректер анықталып, расталды. Әсіресе, шалғайда орналасқан мекемелерде қызметкердердің сауатына байланысты қиындықтар туып жатады. Біз жағдайды жақсартуға тырысып жатырмыз", - деді ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Азамат Базылбеков.

"Наталья Слекишинаны бірінші рет зорлаған кезде ол колония басшысының міндеттерін атқарушы Ермек Омарбековке өзінің іш-киімін көрсетіп, зорланғанын айтқан еді. Алайда, оның зорлануына қатысты ешқандай шаралар қолданылмапты. Бірнеше апта өткен соң ол тағы зорланды. Салдарынан Наталья Слекишина жүкті болып қалды. Егер де колония басшысының міндеттерін атқарушы сол кезде тергеу жұмыстарын жүргізіп, оның өтінішін жоғарыдағыларға жібергенде, мұндай жағдай болмас еді", - деді зорланған әйелдің адвокаты Айман Омарова.

"ДНҚ сараптамасы баланың әкесі колония қызметкерлерінің бірі екенін растағанын білесіздер ме?", - деп сұрақ қойды адвокат Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына.

"Ол белгілі", - деп жауап берді ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Азамат Базылбеков.

Еске салайық, Алматыда тергеу абақтысының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан әйелді жабылып зорлады деп айыпталған болатын. Тілшілердің мәліметінше, 32 жастағы Наталья Слекишина 155/18 мекемесінде жатқанда 4 азаматтың жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін айтқан. Ол тіпті сол кезде жүкті болып қалған. Бірақ жақында ғана туылған баланың әкесі кім екені белгісіз. Ал қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері тағылған айыппен келіспейтінін айтып отыр. Айта кетейік, кінә тағылып отырған 4 азамат та осы мекемеде ұзақ уақыттан бері қызмет етіп келеді. Бәрінің жасы 35-тен асқан. Бала-шағалары да бар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети