24 сәуір 2014 19:30

ІІМ үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу мәселелерін талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ІІМ. Фото Марат Абилов© ҚР ІІМ. Фото Марат Абилов©

ІІМ өз қызметіне орай үкіметтік емес ұйымдармен барлық бағыттар бойынша өзара әрекеттестікті жандандыратын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ІІМ өз қызметіне орай үкіметтік емес ұйымдармен барлық бағыттар бойынша өзара әрекеттестікті жандандыратын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"24 сәуірде министрдің орынбасары Ерлан Тұрғұмбаевтың төрағалық етуімен ІІМ-нің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуы және ынтымақтастығы жөніндегі Кеңестің екінші отырысы болып өтті. Оған министрліктің комитеттері мен департаменттерінің басшылары, сондай-ақ жұмыс тобының мүшелері қатысты. Кеңес жұмысының қорытындысында ішкі істер органдары қызметінің барлық бағытында ҮЕҰ-мен жұмысты жандандыру және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орналастыру бойынша мәселелерді әзірлеу туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар полиция мен үкіметтік емес ұйымдары БАҚ пен интернет ресурстарды пайдалана отырып, құқық бұзушылық профилактикасы, азаматтардың құқықтары мен заңдарын қорғауды ұйымдастыру бойынша бірлескен қызметті халық арасында кең көлемде насихаттау жоспарланып отыр.

ІІМ-нің шақыртуымен Кеңес жұмысына "Қазақстанның азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрлан Ерімбетов, "Қазақстанның азаматтық альянсы" ЗТБ вице-президенті Артур Платонов, Мәдениет министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыстар департаментінің директоры Данияр Таумұрат, сондай-ақ бірқатар ҮЕҰ және Қоғамдық қорлардың басшылары қатысқан.

Отырыс барысында қызметтер басшыларының үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу жөніндегі есептері, қатысушылардың осы бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстары тыңдалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети