04 қараша 2014 13:05

Мәдениет және спорт министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалым Ахмедияров. Ғалым Ахмедияров.

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрінің жаңа орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанның Мәдениет және спорт министрінің жаңа орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

"2014 жылдың 3 қарашасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ғалым Ахмедияров ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары болып тағайындалды", - делінген сайтта.

Ғалым Ахмедияров 1995 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын "Домбыра" мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының "Музыкалық өнер" мамандығы бойынша аспирантурасын тәмамдады. Бұған дейін ол ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ әуендері" АҚ басқарған.

Ахмедияров - "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері (2010), "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2004), республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети