25 қазан 2022 | 12:55

Magnum дүкенінен 5 миллион қазақстандық сауда жасайды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Магнум 15-ке толады. Бүгінде ол Қазақстандағы ең ірі сауда және бөлшек сауда желісі. 2022 жылы Magnum-да сатылған тауарлардың жалпы көлемі қазірдің өзінде 1 миллиард доллардан асты. Қазақстанның бөлшек сауда саласында Magnum шамамен 8 пайыз алады. Бұл үлес экономикасы дамыған елдердегі жетекші сауда желілерінің үлесімен деңгейлес. 


Магнум 15-ке толады. Бүгінде ол Қазақстандағы ең ірі сауда және бөлшек сауда желісі. 2022 жылы Magnum-да сатылған тауарлардың жалпы көлемі қазірдің өзінде 1 миллиард доллардан асты. Қазақстанның бөлшек сауда саласында Magnum шамамен 8 пайыз алады. Бұл үлес экономикасы дамыған елдердегі жетекші сауда желілерінің үлесімен деңгейлес. 

Сатып алушылар

Magnum-тың тұрақты тұтынушылары - 5 миллион қазақстандық. Күн сайын желі дүкендерінде 350 000 адам зат сатып алады. Олардың әрқайсысы тағы бірнеше адамнан тұратын отбасын қамтамасыз етеді.

 Серіктестер

Magnum серіктестері – бүкіл ел аумағындағы 1200 кәсіпорын. Бұл ет, сүт, жарма, нан, көкөніс, басқа да өнімдер мен азық-түлік емес тауарларды өндірушілер мен таратушылар.

Серіктес болу үшін бухгалтерияны заңды, таза жүргізу,  тауарға сертификат болуы керек және тұрақты түрде жеткізіп отыруға кепілдік беру керек.  Magnum көптеген жылдар бойы тауар жеткізуші болғысы келетін кәсіпкерлерді оқытып, олардың бизнесін дамытуға және жұмыс орындарын ашуға көмектесуде.

 Қызметкерлер

Magnum-де 13 000 адам жұмыс істейді. Тек соңғы жылдың өзінде компания 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашты. Желі қарқынды дамып келеді және қызметкерлерге мансаптық өсу үшін бірегей мүмкіндіктер береді. Жыл сайын 2000-ға жуық қызметкер жоғарылайды.

 Дүкендер

Magnum желісіне еліміздің 14 қаласындағы 216 дүкен, сондай-ақ Өзбекстандағы екі гипермаркет кіреді. Жыл соңына дейін қазақстандық дүкендердің саны 240-қа жетеді деп күтілуде.

Алғашқы Magnum дүкендері үлкен және саны аз, қашықтау жерде орналасты. Қазір Magnum әртүрлі форматтағы көптеген дүкендерді аша отырып, тұтынушыларына жақындай түсті. Ең үлкені – гипермаркеттер, сауда орталықтарындағы сәл кішірек супермаркеттер және үйдің жанындағы кішірек Magnum Express. Жақында Magnum Daily форматы пайда болды – бұл тұрғын үй кешендері мен бизнес орталықтарында орналасқан минимаркеттер.

Ассортимент

Әр дүкеннің ассортименті гипермаркетте 20 000-нан, Express-те 9 000-ға дейінгі аралықта.

Биыл ауқымды және әртүрлі ассортиментті сақтау әдеттегіден қиынырақ. Өйткені әлемдік геосаяси оқиғаларға байланысты импорттық жеткізудің дәстүрлі тізбегі үзілді. Magnum қазақстандық сатып алушылар мұны сезінбеуі үшін барлығын жасап жатыр. Компания әртүрлі елдердің жаңа жеткізушілерімен келіссөздер жүргізіп, жеткізілімдердің жаңа логистикалық бағыттарды әзірлеу арқылы тауралардың кең ассортиментін қаматамасыз етеді.

 Баға

Дәстүрлі түрде Magnum - төмен бағалар желісі. Мұндағы әлеуметтік маңызды тауарларға үстемақы бар болғаны 5 пайыз -10 пайыз ғана  құрайды.

Бірақ соңғы жылдары жеткізушілердің көтерме бағасы күрт өсті. Сондықтан, тіпті шағын үстемеақы болса да, бөлшек сатылымда бәрібір қымбат. Magnum бағаны әртүрлі жолдармен ұстауға тырысады. Мысалы, өзінің тауар белгісімен өнім шығарады. Олардың ішіндегі ең танымалы - "Барлық нәрсе үйге". Желі тауарларды жаппай сатып алады, қаптайды, маркасын жапсырып, дүкендерге таратады. Маркетингке, жарнамаға, өндірушілерден әдемі қаптамаға және т.б. ақша жұмсамайды. Нәтижесінде салыстырмалы сапасы бар меншікті бренд өнімдері арзанырақ болады.

 Компания сондай-ақ бағаны шектеудің мемлекеттік бағдарламасына да қатысады. Бұл жобада компания пайда алмайды. Компания басшысы Азамат Османовтың айтуынша, Magnum бағаны шектеу бағдарламасына қатысуды бизнес ретінде емес, мемлекетке кәсіби көмек көрсету және компанияның әлеуметтік жауапкершілігі деп санайды.

Бағаның өсуімен күресуге жасанды интеллект технологиялары да көмектесуде. Соңғы бірнеше жылда Magnum оларға көп инвестиция салды. Енді үлкен деректерді талдаудың көмегімен компания сұранысты дәл болжайды, сатылмаған тауарлар іс жүзінде жоқ, осының арқасында шығындар мен сауда маржасы төмендейді.

Magnum Club

Қазірдің өзінде 1 миллион 300 мың қазақстандық Magnum Club адалдық бағдарламасына қатысуда. Жасанды интеллект клуб мүшелерінің сатып алуларын әрқайсысын жеке және барлығын бірге талдайды. Бұл қызметті жақсартуға үлкен мүмкіндік береді. Мысалы, бұрын барлық тұтынушыларға бірдей акциялар мен жеңілдіктер ұсынылды. Енді клубтың әрбір мүшесі жеке ұсыныстар алып, дәл өзіне қажет нәрсені жеңілдікпен сатып ала алады.

Интернет дүкен

Magnum екі бірдей онлайн сату арнасын іске қосты. Олардың біріншісі, Magnum Go қосымшасы, карантин кезінде адамдарды мүмкіндігінше қажетті заттармен тезірек қамтамасыз ету үшін пандемияның басында рекордтық мерзімде жасалды. Іске қосылған сәттен бастап тұтынушылар сервис көмегімен бір жарым миллионнан астам тапсырыс жасады.

Тағы бір арна - Kaspi.kz сайтындағы дүкен. Kaspi.kz сайтындағы тапсырыстарға қызмет көрсету үшін арнайы Magnum Алматы мен Нұр-Сұлтанда үш үлкен даркстор ашты (бұл тек онлайн тапсырыстар үшін жабдықталған дүкен-қоймалар). Күн сайын олар 4,5 мыңнан астам тапсырысты орындайды. Magnum Kaspi.kz-пен бірге Қазақстандағы e-grocery-ді дамытудың қозғаушы күші.

 Жақында Magnum қонақүйлерге, мейрамханаларға, кеңселерге және бизнеске өнімді көтерме жеткізуді іске қосты. Бұл компания бизнесінің шағын сегменті, бірақ қызықты және болашағы бар. Қазір ол тауар айналымының шамамен 1,5 пайыз, болашақта - 3 пайыз дейін жетеді.

Әлеуметтік жауапкершілік

Компания ай сайын өз желісі арқылы бүкіл ел бойынша 20 мыңнан астам қазақстандыққа мемлекеттік әлеуметтік көмек жинағын таратады.

Magnum балалар үйлеріне үнемі азық-түлік жеткізіп, қайырымдылық қорларына көмектеседі. Ал табиғи апат немесе басқа да төтенше жағдайда, азық-түлік пен ең қажетті тауарлардың арнайы қоры бар. Компания зардап шеккендерге бірінші болып гуманитарлық көмек жөнелтеді. Мәселен, қыркүйек айының басында «Магнум» Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге алғашқы болып екі жүк көлігі гуманитарлық жүк жөнелтті.

"Магнум" - елімізбен бірге өсіп, дамып келе жатқан отандық ірі компаниялардың бірі. Жақын арада Magnum жаңа дүкендер мен жаңа жұмыс орындарын ашуды жалғастырып, тұтынушыларын сапалы тауарлармен және жақсы бағалармен қуантуды жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Путин Астанаға келеді

Валюта бағамы

 491.74   530.25   5.02 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети