24 қыркүйек 2014 | 10:39

Мәжіліс ЕАЭО туралы заң жобасын жасауды қолға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

ҚР Парламенті Мәжілісі Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартты ратификациялау туралы заң жобасын жасауды қолға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаевқа сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Парламенті Мәжілісі Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартты ратификациялау туралы заң жобасын жасауды қолға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаевқа сілтеме жасап.

"Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттері Астанада бәріміз үшін маңызды құжатқа, келісімшартқа қол қойған болатын. Бұл келісімшарттың мақсаты - елдер арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру, елдер арасында экономиканы дамыту және еңбек ресурстарын көбейту. Мұның бәрі - елдердің табысты экономикалық-әлеуметтік дамуының алғышарттары. Біздің комитет өз жұмысына бұл заң жобасын алуға және ол бойынша осы жылдың 10 желтоқсанына дейін қорытынды шығаруға дайын", - деді Әшімбаев палатаның жалпы отырысында.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартқа Астанада осы жылдың 29 мамырында қол қойылған болатын. Путинмен және Лукашенкомен кездесуде Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі барлық уағдаластықтардың алдымен орыс тілінде қабылданып, кейін басқа тілдерге аударылатынын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО туралы келісімшарт дамудың жаңа кезеңі болып есептелетінін атап өтті.

"Шарт сауатты, теңестірілген әрі қатысушы мемлекеттердің бәрінің мүддесі ескеріліп жасалды. Ауқымды жұмыс атқарылды. Келіспеушіліктер де баршылық болғанымен, біз барлық тараптарды қанағаттандыратын ортақ консенсусқа келдік", - деген болатын Президент шағын форматтағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында.

Еуразиялық экономикалық одақ 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, толық күшпен жұмыс істеуі тиіс.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети