28 мамыр 2014 | 11:35

Мәжіліс қаржылық рақымшылыққа қатысты заң жобасын мақұлдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Премьер министрінің орынбасары-Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ©Мансұр Хамит ҚР Премьер министрінің орынбасары-Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ©Мансұр Хамит

Парламент Мәжілісі "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне баланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын тұжырымдамалы түрде бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.


Иконка комментария блок соц сети

Парламент Мәжілісі "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне баланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын тұжырымдамалы түрде бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

"Жария ету нысандарына бағалы қағаздар, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестері, құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес келетін құрылыстар мен ғимараттар, тиесілі емес тұлғаға рәсімделген құрылыстар, сонымен қатар, Қазақстаннан тысқары аумақтарда орналасқан жылжымайтын мүліктер жатады. Жекелеген қылмыстарды жасау нәтижесінде алынған мүліктерге рақымшылық жүрмейді. Мәселен, жеке адамға қарсы жасалған және азаматтың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандықтарын бұза отырып алынған мүліктер, конституциялық құрылым мен мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы қылмыстық жолмен алынған кірістер, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық және басқа да құқық бұзушылық пен мемлекеттік қызмет мүддесіне қайшы қылмыстар жасау бойынша алынған мүліктер рақымшылыққа жатпайды", - деді ҚР Премьер министрінің орынбасары-Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Мәжілістің жалпы отырысында.

Заң жобасымен жария етудің тетіктері де қарастырылған. Атап айтқанда, рақымшылыққа ілігетін қаражатты оның иелері   екінші деңгейлі банктерден ашылған арнайы жинақ шоттарына аудара алады. Бұндай қаражатты бес жыл бойы сақтауға және сол арқылы нарықтық ставкаларға сәйкес, сыйақылар алуға болады. Екіншіден, рақымшылықпен қайтқан қаражатқа  мемлекеттік бағалы қағаздарды, екінші деңгейлі банктердегі, ұлттық басқарушы холдингтер мен даму институттарының облигацияларын, "Халықтық ІРО" бағдарламасы аясында сатылатын және Қазақстан қор нарығына шығарылатын бағалы қағаздар мен акцияларды иелену жолымен экономикаға тікелей инвестициялауға болады. Сонымен бірге, рақымшылық арқылы заңдастырған қаражаттарды жекешелендірудің екінші толқыны аясындағы нысандарды сатып алуға жұмсауға да мүмкіндік туады. "Рақымшылық аясында заңдастырған қаражаттарды жоғарыдағы инвестициялау механизмдеріне пайдаланғысы келмегендер өз қаражатын қалауынша жұмсай алады. Бірақ, оларға осындай қаражатты төлеу барысында екінші деңгейлі банктер жария етілетін қаражаттың жалпы сомасынан 10 пайызы мөлшерін ұстап қалады", - дейді министр Б. Сұлтанов.

Мүліктерді жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығын қамтитын болады. Қаржы министрлігі қаражат пен мүлікке рақымшылық аясында 2 трлн. теңгеге дейін қаражатты заңдастырып, оны көлеңкелі айналымнан шығаруды болжап отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети