02 сәуір 2014 12:32

Мәжіліс тауарларды террористердің пайдалануына жол бермеу үшін ЕурАзЭҚ келісімін жойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото start.sampo.ru сайтынан Фото start.sampo.ru сайтынан

Парламент Мәжілісі "Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісімінің күшін жою туралы" заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Парламент Мәжілісі "Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісімінің күшін жою туралы" заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Келісімнің күшін жою қажеттілігі негізінен ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер аумағындағы тауарлардың қозғалысы кезінде трансшекаралық бақылаудың болмауынан туындап отыр. Ал сарапшылар мұндай бақылаудың болмауы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретінін алға тартады.

"Бұл келісім Кеден Одағы құрылмай тұрып қабылданған болатын әрі бүгінгі күні іс жүзінде жұмыс істемейді. Сонымен қатар, экспорттық бақылауға жататын тауарларды террористердің жаппай қырып-жою қару-жарақтарын, қарапайым қаруларды дайындау және оларды террористік әрекеттер үшін пайдалану мүмкіндігін ескерсек, құжаттың күшін жою маңызды", - деді Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, келісімнің күші қару-жарақ пен әскери техникаға, сондай-ақ әскери мақсаттағы өзге де өнімдерге қатысты сыртқы экономикалық қызметтерге қолданылмайды. Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Кеден Одағы мемлекеттерінің аясында тауарлардың экспорттық бақылауына арналған құжаттар әзірленіп жатыр.
Жалпы мамандар ЕурАзЭҚ аясындағы экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологиялардан террористер зымырандық құралдар жасау мүмкіндігін де жоққа шығармай, келісімнің күшін жоюды сол тұрғыдан да өзекті ретінде қарастырады.

Тоқтала кететін және бір жайт, құжатты талқылау Мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірзақов вице-министр Альберт Раудан: "Қазақстанның осы келісімді жоюы ЕурАзЭҚ-тің таралуына жасалған қадам емес пе?" деп сұраған болатын. Өз кезегінде вице-министр: "Өкінішке қарай, мен бұл сұраққа жауап беруге өкілетті емеспін ", - деп жауап берді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети