24 желтоқсан 2014 15:07

Мәжіліс төрағасы палатаның осы жылғы жұмысын қорытындылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz иллюстрациясы Тengrinews.kz иллюстрациясы

Мәжіліс спикері Қабиболла Жақыпов палатаның бір жыл бойғы жұмысын қорытындылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс спикері Қабиболла Жақыпов палатаның бір жыл бойғы жұмысын қорытындылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Мәжілістің қарауына екі заң жобасын ұсынды. Министр сөзінің соңында депутаттар корпусын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, бірлескен жемісті жұмыс үшін алғыс айтты. Бірақ төменгі палата спикерінен бірнеше күтпеген ескерту естіді.

"Асылжан Сарыбайұлы, сіз Аяз Ата емессіз, министрсіз! Келесіде кешікпеуді өтінемін", - деді Қабиболла Жақыпов қалжыңдап. Бүгінгі отырысқа Ауыл шаруашылығы министрі кешігіп келген. 

Бүгін осы жылдағы соңғы жалпы отырысын өткізген депутаттардың көңіл-күйі көтеріліп кетті. "Сөйлеуге рұқсат етіңіздер. Бүгін біз жемісті жұмыс істедік. Егер біз жыл сайын осылай еңбек ететін болсақ, сіздерді марапаттауға тура келеді", - деді Жақыпов. Палата төрағасы депутаттардың бәрін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, ол Үкімет басшысы атынан да құттықтау келгенін жеткізді. 

Қабиболла Жақыпов әлемнің кейбір елдеріндегі ахуалға қарамастан, өтіп бара жатқан жыл Қазақстан үшін жемісті болғанын атап өтті. Төменгі палата төрағасы сессияның басынан бері Мәжілістің 104 заң жобасын қарағанын айтты. Депутаттар 38 жобаны Сенатқа жолдады, оның 27-сіне қол қойылды. Бүгін төменгі палата тағы жеті заң жобасын Сенатқа жолдады. 

"Депутаттар 2014 жылдың бюджетін нақтылау және алдағы үш жылдың бюджетін қалыптастыру жөнінде аса ұқыпты жұмыс жүргізді. Қазақстан бюджеті азаматтар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемені толық көлемде орындауға бағытталған. Бюджет саясатында "Нұрлы Жол" жаңа экономикалық саясатын іске асыруға, соның ішінде, жеті инфрақұрылымдық бағыт бойынша толық көлемде қаражат қарастырылды", - деп мәлімдеді Мәжіліс спикері Қабиболла Жақыпов. 

Төменгі палата төрағасының мәліметінше, сессияның басынан бері депутаттар 22 халықаралық келісімді ратификациялады. Қазіргі уақытта Мәжілістің жұмысында 66 заң жобасы жатыр, соның ішінде, "Төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдемелер туралы" заң жобасының жасалуына депутаттардың өзі мұрындық болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети