21 желтоқсан 2016 17:41

Мәжілісмендер Тінікеев жайлы даулы видеоға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламенттің төменгі палатасының депутаттары Мұхтар Тінікеев жайлы даулы видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Парламенттің төменгі палатасының депутаттары Мұхтар Тінікеев жайлы даулы видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Мұхтар Тінікеев палатаның жалпы отырысына қатыспады. Депутат Глеб Щегольскийдің айтуынша, ол жүрегі сыр беріп, ауруханаға түскен. Тінікеев түсірілген даулы видеоға қатысты оның әріптестері пікір білдірді.

"Біз де сіздер секілді көрдік. Ненің қауесет, ненің шындық екенін анықтаймыз. Барлығын қарастырамыз, асықпаңыздар. Өзі болмаса қарастыра алмаймыз. Себебі бар шығар, оны анықтаймыз. Барлығын білген соң, хабарлаймыз", - деді Қуаныш Сұлтанов.

"Бұл мәселеге қатысты пікір білдіргім келмейді. Мән-жайы түпкілікті белгісіз ғой. Ештеңе анық болмағандықтан, қазір пікір білдіре алмаймын. Мен кеңес төрағасы емеспін", - деді Тұрғын Сыздықов. Бұл дау Тінікеевті депутат қызметінен кетуіне себеп бола ма деген сұраққа, мәжілісмен шешімді істің мән-жайын анықтаған соң ғана шығаруға болатынын айтты.

Депутат Екатерина Никитинская бұл мәселенің мән-жайын анықтау қажет екенін айтып отыр.

"Бірінші кезекте, Мұхтар Бәкірұлының өзінен пікірін сұрау керек. Өзінен сұрағанымыз жөн. Бірінші кезекте оның өз пікірі керек, сосын ғана өз пікірімізді айтамыз. Естеріңізде болса, мұндай жағдай бізде болған емес. (...) Бұл мәселелер өте сезімтал болғандықтан, ең дұрысы Мұхтар Бәкірұлының өз пікірін күту керек", - деді Тінікеевтің әріптесі Мәулен Әшімбаев.

Еске салайық, ҚР Мәжілісінің экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Глеб Щегельский Тінікеев жайлы видеоны көргенін, бірақ бұл оқиғаға еш пікір білдіре алмайтынын айтты. "Біздің вакуумда өмір сүрмейтініміз анық. Сәл уақыт берсеңіздер, барлығыңызбен кездесіп, жауап беруге дайынмын. Дәрігерлердің не дейтінін білейік, жағдайы қалай екенін. Менің қолымда бар мәлімет жоқ. Екі жақтың да пікірін тыңдайық", - деп сабырға шақырды тілшілерді Мұхтар Тінікеевтің әріптесі.

Еске салайық, 20 желтоқсанда WhatsApp-та Парламенттің төменгі палатасының депутаты Мұхтар Тінікеевке ұқсайтын адам көрсетілген бірнеше видео тараған болатын. Кадрлардан оқиғаның дастархан басында болғанын көруге болады. Екі ер адам тұрып алып, жанжалдасып жатады. Мәжілісмен Мұхтар Тінікеевке даусы да, өзі де ұқсайтын адам тағы екі ер адамның көзінше біреуден жауап алады. Депутатқа ұқсайтын ер адам әңгімелесушісіне былапыт сөз айтып, соққы жасайды.

ҚР Парламентінің төменгі палатасының депутаты Мұхтар Тінікеев пайда болған видеоға қатысты nv.kz тілшісіне пікір білдірген. Tengrinews.kz тілшісімен әлеуметтік желіде байланысқан ол видеоның екі жыл бұрынғы екенін ғана атап өтті.

Кейін мәжілісмен Мұхтар Тінікеевтің қатысуымен түсірілген видеоның шамамен қашан түсірілгені белгілі болды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети