19 қаңтар 2024 | 17:56

"Макао" казиносына тінту жүргізілді: 225 миллион теңге, доллар мен еуро тәркіленді

видео кадры

ҚМА Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері заңды деп саналатын "Макао" ойын мекемесінде онлайн-казиноны заңсыз ұйымдастыру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Онлайн-казинода ойыншыға жеке басын анықтаусыз, қолданыстағы заңнамада белгіленген ережелерді бұза отырып, спорттық іс-шараларға ставка қоюға, яғни ойын үстелдері мен рулеткаларда ойнауға мүмкіндік берілген. Ойындар "Макао" казиносының ғимаратынан жүргізілген", - делінген хабарламада.

17 қаңтарға қараған түні департаменттің жедел-тергеу тобы тінту жүргізді, оның барысында: 225,5 миллион теңге, 15 мыңнан аса еуро, 719 мың рубль, 34 мың юань, 38,5 мың АҚШ доллары, ұялы телефондар, бухгалтерлік құжаттар, жүйелік блоктар, ресивер, бейнекамералар, мониторлар, флэш-карталар, серверлер мен бейнерегистраторлар табылып, тәркіленген.

Реклама
Реклама

Тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram