14 желтоқсан 2016 15:16

Мамандар Астанада желтоқсан айында жаңбырдың неліктен көп жауғанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада желтоқсан айында жаңбырдың жаууына циклон әсер етті. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалына берген жауабында айтылады.


Астанада желтоқсан айында жаңбырдың жаууына циклон әсер етті. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалына берген жауабында айтылады.

"Мұндай ауа райы нормадан ауытқыған болып есептелмейді. Себебі қысқы уақытта пайда болған оңтүстік циклон ауа температурасының жоғарылуына ғана емес, сондай-ақ, ауа райының бұзылуына әсер етеді. Сондықтан Астанада 16 желтоқсаннан бастап ауа температурасының төмендеуі күтіледі, бірақ кейбір жерлерде қар жаууы мүмкін. 3 желтоқсанда да Астанадағы ауа райы осыған ұқсас болды", - деп түсіндірді мамандар.

Синоптиктердің мәліметінше, Астанадағы ауа райына циклондар әсер етіп, соның нәтижесінде жауын-шашын басталған. Мамандардың болжамына сәйкес, Астанада бұлтты, кейбір жерлерде қар мен жаңбыр, жел және көктайғақ күтілген.  

Айта кетейік, 4-8 желтоқсанда Алматы мен Алматы облыстарындағы ауа райы да осыған ұқсас болған еді. Кейінірек синоптиктер 4-8 желтоқсан аралығындағы жаңбырлы күндерді Жерорта теңізі мен Орта Азия аумағынан келген жылы ауа массаларының келуімен байланысты екенін айтқан болатын.

Сондай-ақ, бүгін синоптиктер Тәуелсіздік күні ауа райы қандай болатынын айтты. Мамандардың айтуынша, алдағы үш тәулікте, республиканың көп аумағында жауын-шашын, қар, бұрқасын, көктайғақ, кей жерлерде күші 18-25 м/с болатын, дауылды жел күтіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети