06 қаңтар 2017 17:10

Мамандар Шаханда қираған үйдің қалай қалпына келетінін сызба арқылы көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Қайта құру және Даму көпсалалы институтының сарапшылары , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚазҚҚД институты директоры Жұмағұл Нұғыжыновтың айтуынша, ішінара опырылған подъезд қалпына келтіріледі. Алайда қираған үйдің үш бөлмелі пәтерлері қалпына келтіруге жарамды емес.


Қазақстандық Қайта құру және Даму көпсалалы институтының сарапшылары , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚазҚҚД институты директоры Жұмағұл Нұғыжыновтың айтуынша, ішінара опырылған подъезд қалпына келтіріледі. Алайда қираған үйдің үш бөлмелі пәтерлері қалпына келтіруге жарамды емес.

Үйдің алды/Tengrinews.kz

ҚазҚҚД институты директоры Жұмағұл Нұғыжынов бұл үй дұрыс пайдаланылса тағы да ондаған жылға жарамды дейді. Қазіргі уақытта институт демонтаж бойынша жоба-сметалық дайындық жүргізіп жатыр. ҚазҚҚД қызметкерлері Tengrinews.kz тілшісіне бірнеше сызба көрсетті. Осыған ұқсас жөндеу жұмыстары Қарағандының кейбір аудандарында және  Приозерск қаласында жүргізіліпті.

 

Жұмағұл Нұғыжынов

"Опырылу себебі - үйде орнатылған қазандықтың жарылуы. Жарылыс үйдің астында болған. Нақты ненің жарылғанын тергеу органдары мен энергобақылау анықтайды. 1,2,3 подъездердің тіреуіштерінде зақым болмаған. Ғимарат қисаймаған. Панельдері нормадан тыс ауытқымаған. Осыған байланысты үш подъездің және оның тіреу құрастырмалары пайдалануға жарамды", - деп хабарлады Жұмағұл Нұғыжынов.

Сондай-ақ, институт директоры үш бөлмелі пәтерлердің айтарлықтай бүлінгенін, сондықтан пайдалануға жарамсыз екенін атап өтті. Подъезд бұзылып, қайта салынады.

"Сол жағында орналасқан бір және екі бөлмелі пәтерлерде, сондай-ақ, баспалдақ алаңында болмашы ақаулар бар. Сондықтан үйдің ішінен бекіту керек. Пәтерлерді бөліп тұрған қабырға панельдері төтенше жағдайдан кейін сыртта қалып қойғандықтан, оларға сыртынан қаптау керек", - деді маман. 

Оның айтуынша, құрылыс нормаларына сәйкес, үйде қазандық болмауы тиіс екен.

 

Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.

Сондай-ақ, осыған дейін Шахан ауылында үйдің құлауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден бөлінетіні хабарланған болатын. "Отбасыларына қаржылай көмек көрсету жайында. Әкімдік қаза тапқан әр адам үшін миллион теңгеден және 500 мың теңге ауруханада жатқан зардап шеккендерге бөледі. Сонымен қатар әкімдік қаза болғандарды жерлеу рәсімін және еске алуды өз мойнына алады", - деген еді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Ал 4 қаңтарда Шахан кентінде төтенше жағдайдан қаза тапқандар жер қойнына тапсырылған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети