08 тамыз 2021 14:10

Мамин құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

8 тамыз - Құрылысшылар күні. Премьер-министр Асқар Мамин сала өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысы сайтына сілтеме жасап.


8 тамыз - Құрылысшылар күні. Премьер-министр Асқар Мамин сала өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысы сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен құттықтаймын. Сіздердің мамандықтарыңыз қоғам өміріндегі ең құрметті және аса сұранысқа ие мамандық.  Сіздер өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер салып, еліміздің инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға зор үлестеріңізді қосып келесіздер. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз тұрмыс сапасын арттыруға және барлық қазақстандықтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге жол ашады", - делінген хабарламада.

Оның айтуынша, бүгінде құрылыс секторы экономиканың негізгі драйверлерінің бірі.

"Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының ауқымды міндеттерін жүзеге асыру сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен өз істеріңізге деген сүйіспеншіліктеріңізге байланысты. Ерен еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Құрылыс саласының барлық қызметкеріне зор денсаулық, шаңырақтарына шаттық, еңбектеріне толағай табыс тілеймін!" - деді Асқар Мамин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.9   490.7   4.95 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети