30 қаңтар 2015 17:05

Маңғыстау облысында соғыс ардагерлері баспанаға мұқтаж емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

©63.fair.ru ©63.fair.ru

Маңғыстау облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері баспанаға мұқтаж емес, - деп хабарлайды Tumba.kz облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандарына сілтеме жасап.


Маңғыстау облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері баспанаға мұқтаж емес, - деп хабарлайды Tumba.kz облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандарына сілтеме жасап.

Қазір Маңғыстауда 64 ардагер ғана қалған. Баспанаға мұқтаждар тізімінің ең соңында Қарашаш Нұрмәметова есімді ардагер тұрған, ол жақында екі бөлмелі пәтерге ие болды. Айта кетейік, Қарашаш Нұрмәметова Ұлы Отан соғысы жылдары майданда мейірбике болған.

Басылымның мәліметінше, басқарма қызметкерлерінің айтуынша, ардагерлерге қамқорлық тек Жеңіс күнінде ғана жасалмайды. Оларға қолдау жыл бойы көрсетіледі. Ол үшін басқармаға компаниялар, мектеп оқушылары мен студенттер көмектеседі.

Айта кетейік, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай әр ардагерге 300 мың теңгеден беріледі. Оның 100 мың теңгесі республика бюджетінен, ал 200 мыңы жергілікті бюджет есебінен болады. Тылда еңбек еткендерге бұдан азырақ ақша беріледі. Маңғыстау облысында мыңнан аса тыл ардагері бар.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 400-ге жуық соғыс ардагерінің баспанаға мұқтаж екені хабарланған еді. "Нұр Отан" партиясының мәліметінше, бұл ардагерлердің 67-сі ескі үйде тұрады, ал 77-сі мемлекеттік баспана кезегіне тіркелген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети