19 мамыр 2019 12:54

Маңғыстау облысының полицейлері "Жолда қабылдау" республикалық акциясын өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың нұсқауымен Маңғыстау облысының аумағында "Жолда қабылдау" республикалық акциясы өткізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың нұсқауымен Маңғыстау облысының аумағында "Жолда қабылдау" республикалық акциясы өткізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Азаматтардың сұрақтарына Департамент басшысы Қ. Таймерденов бастаған департамент басшылығы, сондай-ақ Әкімшілік полиция, Жергілікті полиция және Көші-қон қызметі, Кадр саясаты қызметкерлері, "Нұр Отан" партиясы өкілдері жауап берді", - делінген хабарламада. 

Азаматтар өтініш білдірген негізгі мәселелер-көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, азаматтық алу, қала жолдарындағы таңбаларды жаңарту және әкімшілік айыппұлдарды төлеу.

Тиісті баннерлермен белгіленген арнайы жабдықталған автобус тұрды. Акцияға жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шара Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінің ресми парақшалары арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

"Азаматтарды қабылдау облыстың барлық аудандары мен қалаларында өтіп жатыр. Екікүндік шараға 1000-нан астам азамат келді. Сонымен қатар 34 30 60​ "қауырт желі" жұмыс істеді", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, шара аясында Ақтау қаласы Полиция басқармасының учаскелік инспекторлары 2 және 3 шағын аудандардың тұрғындарымен кездесіп, өтініштерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети