17 қазан 2014 12:23

Маңғыстау тәртіптік кеңесі қызметкерлерінің үстінен 8 қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Маңғыстау облысы тәртіптік кеңесі қызметкерлеріне қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Маңғыстау облысы тәртіптік кеңесі қызметкерлеріне қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің жетекшісі - облыстың тәртіптік кеңесінің төрағасы Оспанов пен осы департаменттің бөлім басшысы Қоразов азаматтарды тестілеуден өткізу үшін пара алып жатқан жерінде қолға түсті. Ақшаны беріп жіберуге департамент жетекшісінің орынбасары Ықсанов, яғни облыстың сыбайлас жемқорлықпен күресуі тиіс лауазымды тұлғалары делдал болған", - делінген бүгін "Нұр Отан" партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңес отырысында ұсынылған анықтамада. Отырыста Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланған болатын. 

"Аталған тұлғалар мемлекеттік қызметке орналасудағы тестілеуден сәтті өткізу үшін азаматтардан қаражат алудың қылмыстық схемасын ұйымдастырған. Пара алу деректері бойынша оларға қатысты барлығы 8 қылмыстық іс қозғалды, қазір олар өндіріс деңгейінде. Солай бола тұра, партия мүшелерінің партиялық жауапкершілігі туралы мәселе қаралмаған", - делінген анықтамада.

Тәртіптік кеңестің бұрынғы басшысының жұмысы өңірде мемлекеттік қызмет мамандарына тапшылық туғызған. 

"Бүгінде мемлекеттік орган аппараттарында жұмыспен қамту көрсеткіші 50 пайызға жуық қана, яғни ішкі саясат басқармасында барлығы 11 қызметкер болған, оның бесеуі жұмыс істейді, алтауы тестілеуден өте алмай жүр. Мен бұл мәселені кім болса, содан еститінмін, сөйтіп, Әлихан Байменовпен (бұрын ол Мемлекеттік қызмет істері агенттігін басқарған болатын - Авт.) кездесуге осында келмек болдым, бірақ тәртіптік кеңестің жетекшісі қылмысы үстінде ұсталды. Жалпы айтқанда, халық айтып жатса, демек, мәселенің бар болғаны", - дейді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева. Оның айтуынша, өңірдегі мемлекеттік органдар мамандармен тек 50-60 пайызға ғана қамтылған.

"Қызметкерлер жетіспей жатыр. Негізінен, жақсы мамандар мұнай саласына кетіп қалады. Ал кейде тестілеудің екінші кезеңінен өте алмай жатады", - деді ол. 

"Тәртіптік кеңес төрағасы парамен ұсталды - бұл біз декларациялап жүрген істің бәрінің беделін түсіру", - деді депутат Айгүл Соловьева. 

"Мен тәртіптік кеңес төрағасымен кездесіп, жағдайды түсіндіруге тырыстым, мемлекеттік органдардағы маман тапшылығы жұмыстың сапасына әсер ететінін айтқым келді, бірақ нәтиже болмады", - деді әкімнің орынбасары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети