12 ақпан 2014 12:01

Маңғыстауда 12 жұмысшы тағамнан уланып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Маңғыстау облысында тамақтан уланудың салдарынан 12 жұмысшы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Нақты айтсақ, "Каспий Мұнай Құрылыс" ЖШС-нің Дунга кен орнында қызмет ететін жұмысшылар ауруханаға түскен. Зардап шеккендердің ішіндегі жасы ең үлкені 64-те болса, ал ең кішісі - 21 жаста. Асханадағы тамақтан улану оқиғасы 10-ақпан күні болған. Компания қызметкерлері тамақтанып болғаннан кейін өздерінің көңіл-күйлері тым нашарлап кеткендігі туралы шағымданған. Дәрігерлер де олардың тамақтан уланғанын айқындаған. Оларға "ас токсоинвекциясы" диагнозы қойылды. Бұдан бұрын да жаппай тамақтан улану оқиғасы Маңғыстау облысындағы "АстанаСтройИмпекс" ЖШС кәсіпорнының асханасында да болғаны туралы хабарланған болатын. Ол кезде 61 адам зардап шеккен. Олардың ішінде төртеуі жансақтау бөліміне түскен. Дәрігерлер қылау (сальмонеллез) диагнозын қойған. Бұған қатысты құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Зардап шеккен адамдар сапасыз балықтан улануы мүмкін деп болжанған. Олар да жұмыс асханасында тамақтанып, кейін өздерін нашар сезініп, дәрігерлер көмегіне жүгінген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети