Маңғыстауда сирек кездесетін қызғалдақтар гүлдеді

Маңғыстаудың құмды аймақтарында сирек кездесетін соғды қызғалдақтары гүлдеді, - деп хабарлайды InAktau.

Қызыл кітапқа енген гүлдердің суретін Ольга Михайлова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Кадрлардан құмда өсіп тұрған ақ гүлдерді көруге болады.

"Біз шексіз өмір сүретін сәттер бар, кейін олар бізде шексіз өмір сүреді. Маңғыстауға көктем келді", - делінген жазба сипаттамасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kaz.tengritravel

Соғды қызғалдағы (Tulipa sogdiana) - биіктігі 10-25 сантиметр болатын көпжылдық өсімдік. Тұқымы жұмыртқа тәрізді, қалыңдығы 0,7-1,5 сантиметр, қара қоңыр, қатты, ішкі жағы түкті қабықты болады. Соғды қызғалдағы наурыздан сәуірге қарай гүлдейді. Қызылқұм, Қарақұм, Маңғыстаудың құмды, сирек сазды немесе тасты шөлдерінде өседі.

Википедия мәліметінше, Соғды қызғалдағы - Қазақстанның Қызыл кітабыңа енген, сирек кездесетін гүл

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!