14 сәуір 2015 12:40

Мәскеуде тұңғыш рет Қазақстан ұлттық валютасы мен пошта маркасының көрмесі ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР СІМ баспасөз қызметі © ҚР СІМ баспасөз қызметі

Мәскеуде тұңғыш рет Қазақстан ұлттық валютасының және пошталық маркасының көрмесі ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мәскеуде тұңғыш рет Қазақстан ұлттық валютасының және пошталық маркасының көрмесі ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 сәуірде Мәскеуде Халықтар шаруашылығы жетістіктері көрмесінің (ВДНХ) "Рабочий и Колхозница" мұражай-көрмелік орталығында Қазақстан ұлттық валютасының және пошталық маркасының көрмесі ашылды. Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі іс-шараны ҚР Ұлттық Банкімен және "Қазпошта" ААҚ-мен бірлесе отырып, Мәскеу қаласының Мәдениет департаментінің және "Манеж" мұражай-көрмелік бірлестігінің қамқорлығымен ұйымдастырды.

"Ұсынған көрме Ресейде алғаш рет өткізіліп отыр, сондықтан бұл Мәскеу тұрғындары үшін бірегей оқиғаға айналды. Экспозицияда ұлттық валютаның 54 түрлі банкноталары, күмістен жасалған 111 түрлі естелік тиындар, "Қазақстанның қызыл кітабы", "Ғарыш", "Қазақстанның салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындары", "Спорт", "Қазақстан халқының ертектері", "Шығыс күнтізбесі", "Самұрық" атты тақырыптар бойынша реттелінген 51 күміс тиындарының жиынтықтары және басқа да полиграфиялық өнімдер тамашалауға ұсынылған", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, көрмеден 2010 жылы Астанада ЕҚЫҰ саммитінің өткеніне, ҰҚКҰ және ШЫҰ халықаралық ұйымдарының құрылуы секілді белгілі саяси оқиғаларға арналған пошталық маркасынан терілген 96 тақтаны көруге болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәскеу метросында EXPO-2017 көрмесін насихаттау мақсатында "Беймәлім Қазақстан" фотокөрмесі өткен болатын. Фотокөрмеге қойылған мақалалар мен очерктерге қажетті фото және бейне материалдарды алу үшін шығармашылық жобаға қатысушылар екі жыл ішінде Қазақстанның қорықтары мен тарихи жерлеріне саяхат ұйымдастырған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети