28 маусым 2016 13:02

Мәсімов: Бізде мал қорымдарын күзету мәселесі бақылаусыз қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ridus.ru © ridus.ru

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысы кезінде мал қорымдарын күзету мәселесін шешуді тапсырды. Ол сонымен қатар ірі қара малға ветеринарлық қадағалауды жүргізу сапасына көңіл бөлуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз кеше Қарағанды облысында түйнеме ауруының тіркелуіне байланысты кеңес өткіздік. Қалыптасқан жағдайдан байқағынымыз, бізде мал қорымдарын күзету мәселесі бақылаусыз қалған", - деді премьер-министр.

Кәрім Мәсімов бұл мәселені түбегейлі шешу керектігін атап өтті. Бұл мәселені премьер-министр ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің бақылауына тапсырды.

Кәрім Мәсімов мал қорымдары сенімді күзетке алынуы тиіс екенін мәлімдеді.

"Бұл мақсатқа қаржы бөлінген, сол ақшаның қайда кеткенін білу керек", - деді ол. Премьер-министр күн тәртібіне қойған екінші мәселе - ірі қара малға ветеринарлық қадағалау жүргізу болды.

"Менің ойымша, ветеринарлық қадағалау бойынша бақылау жеткіліксіз: қай жерде екпе салынады, қай жерде салынбайды, олар қайда сақталады және қайда қойылады, анық емес", - деді Мәсімов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети