12 тамыз 2016 10:48

Мәсімов Ресей премьерімен кездесуінде Кенесары хан мен Кейкі батырдың бастарын қайтару мәселесін көтереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 7news.kz © 7news.kz

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Кенесары хан мен Кейкі батырдың бастарын қайтару мәселесін көтеретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Кенесары хан мен Кейкі батырдың бастарын қайтару мәселесін көтеретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айтуынша, ол бұл мәселені Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесуде көтереді. "Д.А.Медведевпен кездесуде Кенесары хан мен Кейкі батырдың бастарын қайтару мәселесін көтеруді жоспарлап отырмын", - деп жазды ол Twitter әлеуметтік желісіндегі жазбасында. 

Таяуда өзін Кенесары ханның ұрпағымын деп атаған ақтөбелік тұрғын Радул Сидахметовтің Қазақстан мен Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путинге қазақтың соңғы ханының басын өз жерінде жерлеуді сұрап, хат жазатыны хабарланған еді. 

Айта кетейік, орта жүздің ханы Кенесары Қасымовтың мүрдесін ғалымдардың іздестіріп жатқанына көп жыл өтті. Кейбір мәліметтер бойынша, Кенесарының басы Эрмитаж Кунсткамерасының архивінде екен. Алайда ешқашан көрсетілмепті. Тағы бір мәліметтер бойынша, оның басын Ресейдің Мемлекеттік күзетінің қорынан іздеу керек. "Алаш" рухани даму институтының директоры Сұлтанхан Аққұлұлының пікірінше, 1917 жылдағы көтерлістен 1930-жылдарға дейін хан Кененің басы Омбы территориясынан шығарылмаған. Ал бірнеше жыл бұрын Қазақстанда "Кенесары ханды қайтарамыз!" қозғалысы пайда болған еді.

Ал Кейкі (Нұрмағанбет) Көкембайұлы - 1916 жылғы Торғайда болған ұлт-азаттық көтерілісінің батыры, атақты мерген. Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Құланқыпшақ руынан шыққан. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Байтума қопасында дүниеге келген. Ол Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығы себеп болған Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне алғашқы күндерінен белсене араласып, сол көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі болды. Қазақстан ұлттық энциклопедиясындағы мәлімет бойынша, ол Торғайда қызыл әскер қолынан айуандықпен өлтірілген. Оның басы қазір Санкт-Петербургтегі антропологиялық қордың кунсткамерасында сақтаулы. Кейкі батыр Көкембайұлының ұрпақтары Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Ақтас, Тасты елді мекендерінде тұрады. 1996 жылы Кейкі батырдың 125 жыл толуына байланысты ас беріліп, ескерткіш орнатылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети