27 шілде 2015 20:16

Мемлекет басшысы ДСҰ-ның бас директоры Роберто Азеведомен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тwitter.com/wto © Тwitter.com/wto

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздердің табысты аяқталуына қатысты пікір алмасты. Сонымен қатар еліміздің осы Ұйымға кіруі жөніндегі құжаттар топтамасын ратификациялаумен байланысты ішкі рәсімдер мәселесі де қозғалды.
 
Елбасы республикамыздың ДСҰ-ға енуі "Қазақстан – 2050" ұзақмерзімді Даму стратегиясында қойылған міндеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ сыртқы сауданы одан әрі дамыту және шетелдік инвесторлармен өзара ықпалдастықты кеңейту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.
 
Осыған дейін хабарланғандай, Қазақстанның ДСҰ-ға ресми түрде мүше болу рәсімі 27 шілдеде өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети