24 сәуір 2014 19:38

Мемлекеттік қызметкерлер Қытайда тәжірибеден өтетін болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Қр Мемлекеттік қызмет істері агенттігі баспасөз қызметінен алынды. Фото Қр Мемлекеттік қызмет істері агенттігі баспасөз қызметінен алынды.

Қазақстан мен Қытай елдері арасындағы екіжақты келісімдер негізінде мемлекеттік қызметкерлер Қытай еліне тәжірибеден өтуге жіберілетін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан мен Қытай елдері арасындағы екіжақты келісімдер негізінде мемлекеттік қызметкерлер Қытай еліне тәжірибеден өтуге жіберілетін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қытай халық республикасының адам ресурстары және әлеуметтік қамсыздандыру вице-министрі Ян Шицю қазір ресми сапармен Астанада жүр. Бүгін ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Ол құжат екі елдің мемлекеттік қызметкерлерінің өзара тәжірибе алмасуына негізделген. Әзірге қанша қазақстандық мемқызметкердің Қытайға, ал қытайдан біздің елге қанша мемқызметкердің келіп, тәжірибе алмасатындығы белгісіз күйінде қалып отыр.

"Меморандумда көрсетілген мәселелер жоспарға енгізіліп отыр. Мұның барлығы аспанасты елінің нақты қажеттілігі негізінде анықталатын болады", - деді агенттік төрағасы Әлихан Байменов.

Қол қойылған меморандум сондай-ақ, сарапшылар кездесуін өткізуге, білшім алмасу және кәсіби оқытудың бағдарламасын ұйымдастыруға бағытталған. Байменов атап өткеніндей, Қазақстан бүгінде мемлекеттік қызмет саласы бойынша әлемнің көптеген елдермен ынтымақтастық орнатқан. Соның арқасында ең үздік халықаралық тәжірибелер енгізілуде.

"Кезінде Мемлекет Басшысының өзі 90-шы жылдардың ішінде-ақ халықаралық озық тәжірибелерді біздің ерекшеліктеріміз бен мәдениетімізге сай етіп қолдануды тапсырған болатын. Сондықтан біз халықаралық озық тәжірибелерді меңгеруге мүдделіміз. Біз сондай-ақ, халықаралық сарапшылардың өздері жоғары баға берген өзімізде қолданыстағы мемлекеттік қызмет моделімен бөлісуге әзірміз", - деді Әлихан Байменов. 

Қытайлық әріптестер де біз секілді халықаралық тәржірибе қолданылып жүрген озық үлгілерді енгізумен келеді. "Біздегі жүйе де Қытайдағы азаматтық шенеуніктердің қамсыз қарттығын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ бұл салада әлемдегі ең озық тәжірибелер қолданылуда", - деді  Ян Шицу. "Қазақстандағы мемқызмет жүйесі өте жаңа, соған қарамастан біз қазірдің өзінде қазақстандық әріптестеріміздің жұмысындағы тиімді тұстарды көріп отырмыз. Атап айтқанда, сіздердің елде мемқызмет туралы заң қабылданды, мемқызмет жүйесін реформалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл Қытай елі үшін жақсы тәжірибе", - деді ҚХР шенеунігі.

Қытайтың Қазақстанмен арадағы мемқызмет саласы бойынша бірігіп әрекет етуі тек бастапқы сатыда ғана тұрғанын, ал екі ел арасындағы ынтымақтастық тереңде жатқанын атап өтті.  "Қазақстан мен Қытай достығы екі ел халқының Жібек жолды қосқан уақыттан бері жалғасып келеді", - деді Ян Шицю.

Мәлімет үшін айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 97 мың мемлекеттік қызметкер бар. Қытай делегациясының іссапары шеңберінде Агенттіктің қызметі және мемлекеттік қызметтің жаңа моделі, "е-қызмет" автоматтандырылған дербес басқару жүйесі, сонымен қатар Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб қызметі таныстырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети