10 маусым 2014 13:49

Мемлекеттік қызметкерлер үшін қазақ тілін меңгеру міндет болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©primeminister.kz ©primeminister.kz

Келесі жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілін меңгеру міндеті стратегиялық жоспарларға енгізілетін болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына сілтеме жасап. 


Келесі жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілін меңгеру міндеті стратегиялық жоспарларға енгізілетін болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына сілтеме жасап. 

"2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасы ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы болып саналады. Осы мемлекеттік бағдарламаны орындаудың үш кезеңі бар. Қазір 39 іс-шарадан тұратын 2011-2013 жылдарға арналған бірінші кезең аяқталды", - деді бүгін А.Мұхамедиұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Оның айтуынша, соңғы үш жылдың ішінде мемлекеттік тілді оқыту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. "Қазтест" жүйесін жетілдіру жұмысы аяқталды. Қазақ тілін оқытуға арналған бес деңгейлі әдістемелік кешен әзірленді. Қазіргі кезде аталған кешен барлық оқыту орталықтарына таратылды.

"Ендігі кезекте, мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін меңгеруді міндеттеген дұрыс. Біз оны 2015 жылдан бастап орталық және жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларына "Қазтест" жүйесін енгізу арқылы бірте-бірте шешетін боламыз", - дейді министр.    

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети