21 тамыз 2014 15:47

Мемлекеттік нысан сатып алушыларды жария ету керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Мемлекеттік нысандарды сатып алушылардың аты-жөнін жария ету қажет. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова айтты. Бүгін Астанада жылжымайтын мүлік нысандарын жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру мәселелері талқыланды.


Мемлекеттік нысандарды сатып алушылардың аты-жөнін жария ету қажет. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова айтты. Бүгін Астанада жылжымайтын мүлік нысандарын жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру мәселелері талқыланды.

"Ең дұрыс жауап ақпараттық шынайылық деп ойлаймын. Өз басым нысандарды сатып алушылар туралы толық ақпаратты жария етуді қолдаймын. Онда толық мәлімет болады, егер әлдебір туысқандар жұртқа түсінікті бизнеспен айналысатын болса, онда олар нысандарды сатып ала алады. Бұл жерде ондай туыстардың асыра пайдаланушылығының болмауы және оларға басымдық берілмеуі маңызды. Сондықтан жекешелендіруге қатысатын нысандарға иелік етушілерді жария қылу керек", - деді Елена Бахмутова, оның айтуынша, бұл әдіс - жемқорлыққа қарсы күрестің ең жақсы амалы.

"Егер олар электронды саудада сатып алып жатса, олардың теріс әрекетке бармағаны, өз қызметтерін асыра пайдаланбағандығы. Егер олар заңды бизнес жүргізіп жатса, мүмкіндігі, ресурстары болса, нысандарды неге сатып алмасқа?" - деді Бахмутова жылжымайтын мүлік сатып алушылардың арасында шенеуніктердің туыстары көп болуы мүмкін ғой деген сауалға.

Еске сала кетейік, 6 тамыз күні Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында жекешелендіру процесіне жоғары лауазымды шенеуніктердің туыстарын қатыстырмауды тапсырған болатын. 

Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Марат Құсайыновтың мәліметінше, биыл Қазақстанда 278 ұйым жекешелендіріледі, оның 19-ы - республикалық меншік бойынша, 109-ы - коммуналдық меншік бойынша. Қазіргі мезгілде коммуналдық меншіктің, холдингтер мен ұлттық компаниялар меншіктерінің 28 нысаны сатылған, жалпы сомасы - 1 миллиард 77 миллион 487 мың 492 теңге.

"Тұтас алғанда, біз жекешелендірудің екінші кезеңінен түсетін экономикалық пайда көп болады деп күтеміз. Жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде мемлекет жеке секторға коммерцияға бейімделген, пайдалы кәсіпорындарды ұсынады", - деді Құсайынов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети