09 маусым 2016 17:31

Мен оны сектадан шығарып алғым келді - Ақтөбеде іздеуде жүрген лаңкестің бауыры

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танатаров Владимир. © Ok.ru Танатаров Владимир. © Ok.ru

Іздеуде жүрген лаңкес Дмитрий Таңатаровтың бауыры Владимир оны сектадан бірнеше мәрте шығарып алуға тырысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы телефон арқылы хабарлады. 


Іздеуде жүрген лаңкес Дмитрий Таңатаровтың бауыры Владимир оны сектадан бірнеше мәрте шығарып алуға тырысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы телефон арқылы хабарлады. 

Владимир Таңатаровтың Ресейге көшіп барғанына 5 ай болыпты, Қазанда құрылысшы болып жұмыс істейді. Оның айтуынша, екеуі ағайынды, Ақтөбеде туыпты. Анасы із-түссіз жоғалған, ал әкесін біреулер өлтіріп кеткен. "Біздің туған емес бауырымыз бар - Тимур Таңатаров, ол Диманы Шұбарға жұмысқа шақырған. Міне, ол сол жаққа кетіп қалып, үйге мүлдем басқа адам болып оралды, сақал өсірді, - дейді Владимир. - Мен таңғалдым (...) Оны сектаға кіргізіп алыпты. Мен түбегейлі қарсы болдым, "мұныңды қой" дедім, бірақ ол маған ренжіп, тыңдамай қойды. Ол жоғалып кетіп жүрді, оны таппай кеткен уақыттарым да болды, бірақ ол кейін қайта оралып жүрді, әр оралғанында көзқарасы өзгергенін айтты".

Бірақ күндердің бірінде Дмитрий әйелінен баласын ұрлап әкетіп, өздерінің жамағатына алып барған. Ол баласының діни канондармен өскенін қалаған, бірақ оның әйелі қарсы болыпты. Іске полицейлер қосылғаннан кейін баланы қайтарып алуға мүмкіндік болыпты. "Сол кезде де әйелімен полицияға бардым, мінездеме жаздым, мұның барлығы тіркелген (...) Мен полицейлерден Диманы қоғамнан аластатуды сұрағанмын, себебі оны қауіпті деп есептедім, бірақ менің сөзімді ол кезде ешкім тыңдамады, дәлел жоқ деді", - дейді ол.

Теракт жайлы Владимир Таңатаров үш күн бұрын "Одноклассники" әлеуметтік желісінен біліпті. Өз бауырының бағыттамада жүргенін көріп, ол видеоүндеу жасауды шешіпті. Өз әрекетін ол былай деп түсіндіреді: "Видеоны бауырым парақшама кіріп, көре ме деген үмітпен жаздым, егер бостандықта қашып жүрсе, полицияға берілсін дедім. (...) Қалыпты өмірге оралғанын қалаймын. Әрине, арнайы қызметтер оның көзін жоюы мүмкін екенін де біліп отырмын, ол мұның барлығын біліп отыр, бірақ амал не? Ең жақсысы өзінің келіп берілуі", - деді Владимир. Ал видеода айтылған Таня деген адам шешесінің сіңлісі екен.

Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды, енді алты адам іздеуде жүр. Іздеуде жүргендердің бірі Дмитрий Таңатаровға бауыры Владимирдың видеоүндеуін мына жерден көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети