27 қаңтар 2014 15:55

Мешімбаева журналистік тексеріс жүргізуді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анар Мешімбаева. ©Марат Әбілов Анар Мешімбаева. ©Марат Әбілов

Анар Мешімбаева журналистерге өзіне қарсы қылмыстық істі кімнің ұйымдастырғанын анықтау үшін жеке тексеріс жүргізуді ұсынды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Мешімбаева сот сыртындағы әңгіме кезінде айтты. "Қылмыстық іске бастамашыл болғандарға қатысты журналистік тексеріс жүргізіп көріңіздерші. 2008 жылдың көктемінде тексеріс басталғанда менің оған не себепті мән бермегенімді білу сіздерге қызық болады. Мұны телефон арқылы болған әңгімелер растайды. Мен ешқандай әрекетке бармадым", - деді Анар Мешімбаева. Оның айтуынша, өзінің кінәлі еместігіне қатысты бірқатар жайттарды ол кейін сотта жария етеді. Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваға қатысты іс бойынша сот айыптаушы тараптан 42 куәгердің жауабын тыңдады. Төрт куәгер объективті себепке байланысты процеске келе алмады. Олардың жазбаша жауаптары сотта оқылады. Бүгін судья Ақмарал Исаева 32 томнан тұратын іс материалдарын жария етуге кірісті. Мешімбаеваның "Жымқыру" және "Қызметтік уәкілеттікті теріс пайдалану" баптары бойынша айыпталып отырғанын еске салайық. Бірінші бап бойынша оның ұлттық санақ кезінде пайдаланылаған бланктерді дайындауға бөлінген бюджет қаржысын жымқыруы сөз болып отыр. Бұған дейін Мешімбаеваның адвокаты Ботакөз Бейсембаева санаққа арналған бір бланкіні дайындау үшін бюджеттен 17 теңге көлемінде қаржы жұмсалғанын мәлімдеген еді. Тергеушілер бір бланкінің құны 3 теңге болғанын алға тартып отыр. Бұл мақсатқа барлығы 386 млн 416 мың 591 теңге жұмсалған, тергеуші тарап қалған 758 млн 249 мың 409 теңгені Мешімбаева жымқырды деп есептейді. Істің екінші эпизоды бойынша Мешімбаева агенттіктің сервер бөлмесінің жабдықтарын сатып алуда қызмет бабын асыра пайдаланған деп айыпталуда. Тергеуші тараптың дәйегінше, агенттіктің бұрынғы басшысының әрекетінен мемлекет қазынасына 3 млн теңгеден астам шығын келген. Бұл іске қатысты сот отырысы Астана қаласы Есіл ауданының №2 сотында 2013 жылғы желтоқсанның 4-інде басталды. Процесс ашық режимде өтіп жатқанымен, фото және бейнетүсірілімдер жасауға тыйым салынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети