23 ақпан 2021 18:14

"Мейірімді, ұқыпты адам еді" - Әріптестері Екібастұзда кісі қолынан қаза болған ер адам туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда кісі қолынан қаза болған ер адам "Северные МЭС" АҚ KEGOK филиалында 4 разрядты жоғары вольтты желілерді жөндеу жөніндегі электр монтері болып жұмыс істеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Екібастұзда кісі қолынан қаза болған ер адам "Северные МЭС" АҚ KEGOK филиалында 4 разрядты жоғары вольтты желілерді жөндеу жөніндегі электр монтері болып жұмыс істеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Марқұм Жанат Жұмкенұлы Мақсұтовтың әріптестері оның бұл кәсіпорында ашылған күнінен бастап қызмет ететінін айтты. Ол жоғары вольтты желілерде жұмыс істеу кезінде қолданылатын арнайы техниканың қыр-сырын жетік меңгерген екен.

Әріптестері оның әрқашан өз міндеттерін өте адал атқарғанын және тәуліктің кез келген уақытында жөндеу профилактикалық және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына қатысу үшін қызмет орнына баруға дайын екенін еске алады.

Марқұм ұжымында үлкен құрметке ие болған, оны әріптестері жауапты, міндетті адам дейді.

Жұмысына сіңірген еңбегі үшін ол Энергетик күніне орай Екібастұз әкімінің және компания филиалының құрмет грамоталарымен, сондай-ақ компанияның жиырма жылдығына арналған мерейтойлық медалімен марапатталған. 

"Ол небәрі 60 жаста еді. Мейірімді, ұқыпты адам. Қарапайым, сабырлы, жанашыр адам, қиын кездерде әрқашан жолдастарының жанынан табылатын", - дейді әріптестері.

Филиал қызметкерлерінің айтуынша, Жанат Мақсұтов екі қыз бен бір ұл тәрбиелеп отырған.

Айта кетейік, 23 ақпанда таңғы сағат 8 шамасында Екібастұздағы үйлер ауласының бірінен ер адамның денесі табылды. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрлардан ер адам қоқыс төгуге шықаны көрінеді. Қайтар жолда оған медициналық маска мен көзілдірік киген белгісіз адам оқ атып, оқиға болған жерден ізін суытқан.

Полиция департаменті күдікті әлі ұсталмағанын хабарлады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері оқиғаның куәгерлері болса 102 нөмірі бойынша хабарласуды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети