22 қыркүйек 2017 13:10

Ми-2 тікұшағы толықтай өртеніп кеткен. Апаттың мән-жайы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметіндегілер Ақмола облысында болған апаттың мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметіндегілер Ақмола облысында болған апаттың мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Малоалександровка елді мекенінен Ақкөлге ұшу кезінде тікұшақ жермен соғысып қалды. Салдарынан тікұшақ толықтай өртеніп кетті. Қайта қалпына келтіруге келмейді", - деді ведомство өкілдері.

ҚР ИДМ мәліметінше, төтенше жағдайдан тікұшақта болған В.В.Маньков пен ұшқыш-бақылаушы Д.Е. Байбосынов зардап шеккен жоқ. Тек Г.А. Балуев есімді авиатехник күйіп қалып, Ақкөл қаласындағы ауруханада жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақмола облысында Ми-2 тікұшағының жерге қатты қонғаны хабарланған болатын.  "ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті...бүгін, 2017 жылдың 22 қыркүйегінде "Тянь-Шань" әуекомпаниясына тиесілі тікұшақтың жерге қатты қонғанын және экипаждағылардың аман қалғанын хабарлайды", - делінген еді Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети