03 қазан 2014 11:15

Министр азаматтарды өз мұғалімдерін құттықтауға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©holidaydays.ru ©holidaydays.ru

ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов қазақстандықтарды өз мұғалімдерін мерекесімен құттықтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов қазақстандықтарды өз мұғалімдерін мерекесімен құттықтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Достар! Акцияны қолдауға шақырамын - өз мұғалімдеріңізді құттықтаңыздар! Мектептеріңізге барыңыздар, қоңырау шалыңыздар, хат жазыңыздар! Мен өз мұғалімімді құттықтадым. Математика пәнінен сабақ берген мұғалімімді! Барлық мұғалімді мерекемен құттықтаймын! Табыстар, денсаулық пен бейбітшілік тілеймін! Мерекеңіз құтты болсын!" - деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасына. Бұл жерге ол мұғалімімен бірге түскен фотосуретін де жариялады.

Мұның алдында Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде Сәрінжіпов Қазақстанның озық мұғалімдерін марапаттаған болатын, сонымен бірге, педагогтар жалақысын арттыру тетіктерін түсіндірді. Ол ынталандыруды арттыру үшін жалақыға үстемеақы қосу жүйесі енгізілгенін айтты. Еске сала кетейік, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап, мұғалімдердің жалақысы артады.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелер туралы" Жарлығына сәйкес, Қазақстанда Мұғалім күні қазан айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. Бұған қоса, 5 қазан - Мұғалімдердің халықаралық күні.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети