07 қазан 2015 13:02

Министр Сәрінжіпов лицейдегі стриптизге қатысты пікірін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қарағандыдағы қазақ-түрік лицейінің директоры стриптизге қатысты жанжалдан кейін қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Парламент кулуарында білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді.

"Біз кеше қазақ-түрік лицейі басшылығының алдына өте қатаң мәселені қойдық, бұл мектептің басшылығына қатысты шара қолдану үшін. Бүгін ол мектептің директоры қызметінен босатылып, орынбасарына сөгіс жарияланды. Жалпы, ҚТЛ басшылығымен тәрбиелеу жұмыстарын күшейту туралы мәселені талқылауға ниеттіміз", - деді журналистерге министр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысындағы №1 қазақ-түрік лицейінде жаппай төбелестің болғаны хабарланған еді. Зардап шеккен балалардың ата-аналары полицияға арызданды. Олар балаларын ұрып-соққан жоғары сынып оқушылары мен оқиғаға жол берген мұғалімдердің жазалануын талап етті. Сонымен қатар, ата-аналар оқушылардың олардың балаларын ұрып-соғып, бір апта ұрмау үшін стриптиз билеуді ұсынғандарын айты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети