28 қараша 2017 16:19

Министрлік Жаңаөзендегі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзендегі төтенше жағдайдан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жаңаөзендегі төтенше жағдайдан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 25 қарашада Жаңаөзен маңындағы Теңге елді мекенінде тепловоз бен "Газель" көлігі соқтығысқан болатын. Апат салдарынан 36 адам зардап шекті. 9 адам қайтыс болып, 27 адам жарақат алған еді.

Министрліктің мәліметінше, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

"25 қарашада 1969 жылы туған 1 науқас Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық ауруханасының реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне санитариялық авиация күшімен тасымалданды. Қалған 26 адам әр түрлі дәрежедегі алған жарақаттарымен Жаңаөзен қаласының Орталық қалалық ауруханасына емдеуге жатқызылды, оның ішінде 9 адамға ота жасалды", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

Ведомство мәліметінше, Жаңаөзен қаласының Орталық қалалық ауруханасындағы барлық пациенттерге бетпе бет консультациялық көмек көрсету үшін Астана қаласының медициналық ұйымдарынан 2 дәрігер-травматолог жолданды. Мамандар пациенттерді бұдан әрі емдеу үшін ұсыныстар берді.

"2017 жылғы 26 қарашада 2011 және 2007 жылдары туған тағы екі пациент Ақтау қаласының Облыстық балалар ауруханасына санитариялық авиация күшімен тасымалданды. 24 пациент Жаңаөзен қаласының Орталық қалалық ауруханасында емделуді жалғастыруда. Барлық зардап шегушілер мамандардың бақылауында", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Осыған дейін Жаңаөзендегі жол апатынан қаза болғандар мен жараланғандарға 20 миллион теңге бөлінетіні айтылған еді. Атап айтсақ, апатта қаза болғандардың отбасыларына 1 млн.теңге,ауыр халде жатқан 9 адамға 500 мың теңге беріледі. Тағы жапа шеккен 18 адамға 300 мың теңге бөлінбек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети