15 ақпан 2023 17:10

Министрлік ҚМГ мен ресейлік компания арасындағы келісімге қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов "Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов" жобасына қатысу үшін "ҚазМұнайГаз" серіктесі болып неге ресейлік "Лукойл" компаниясы таңдалғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов "Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов" жобасына қатысу үшін "ҚазМұнайГаз" серіктесі болып неге ресейлік "Лукойл" компаниясы таңдалғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, "Лукойл" ниет білдіріп, жақсы жағдай жасаған.

"Осыған байланысты ол ҚМГ үшін стратегиялық серіктес ретінде анықталды. Қазақстанға қандай пайда болады? Бірінші кезекте, біз осы кен орнын игеруді ұзақ күттік. Бір кездері оны Каспий жобасы бойынша келісім аясында игеруді жоспарлағанымызды білесіз, бірақ оны игеруге экономикалық ынталандыру болмағандықтан, бұл жоба мемлекетке қайтарылды. Себебі экономикалық тиімділігі төмен болғандықтан. Сондықтан фискал және норматив преференциялар беруді көздейтін жетілдірілген үлгілік келісімшарт механизмі енгізілді", - деп түсіндірді Хасенов ОКҚ баспасөз мәслихатында.

Ақпанда "ҚазМұнайГаз" бен "Лукойл" Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы "Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов" жер қойнауы блогын игеру жобасы бойынша бірқатар келісімдерге қол қойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети