13 қазан 2014 15:54

Министрлік мектеп оқулықтарына қатысты санитарлық талаптарды түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

ҚР Білім және ғылым министрлігі мектеп оқулықтарына қатысты санитарлық талаптарды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҚР Білім және ғылым министрлігі мектеп оқулықтарына қатысты санитарлық талаптарды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстандық оқулықтардың сапасына қатысты Мәжілісте өткен "үкімет сағатында" депутаттар Білім және ғылыми министрі Аслан Сәрінжіповті сұрақтың астына алды. Оқулықтардың салмағы қандай болуы керек, онда жазылған әріптер баланың көз жанарын әлсіретпей ме, бұған қатысты қандай да бір сараптама жүргізіле ме, қандай шара қолданылып отыр? Өз кезегінде Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов бұған қатысты белгіленген санитарлық талап барын жеткізді.  

"Мәселен, 1-4 сыныпқа арналған оқулықтардың салмағы 300 грамнан аспауы тиіс, 5-6 сыныптар үшін - ең жоғарғы салмақ 400 грамм, 7-10 сынып үшін 500 грамм, ал 11 сынып оқулықтары 600 грамнан аспауы керек", -деді министр.  

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер, ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин 2013 жылы 3 және 10 сынып оқулықтары талапқа сәйкес келмегендігін жеткізді. 

"Біз жоспарлы әрі міндетті түрде оқулықтарды сараптамадан өткіземіз. Өткен жылы сараптама өткізу барысында бізге 3 және 10 сынып оқулықтарына қатысты жағымсыз қорытынды берілді, оның ішінде физика, алгебра, биология кітаптары бар. Біздің санитарлық ережеміз бойынша, оқулықтардың салмағы санитарлық нормаға сай емес. Кітаптың бір данасы 300 грамнан аспауы тиіс. Тәуліктік, күнделікті кесте бойынша - 1-3 сынып оқулықтарының жалпы салмағы 2 келіден аспауы керек. "Мектеп" баспасынан шыққан оқулықтарды тексеру барысында салмақ сәйкес келген жоқ, бүгінгі таңда бұл оқулықтар сәйкестікке түсіріліп отыр. Егер оқулықтардың салмағы 400 грамнан асатын болса, біз оны екіге бөліп, бірінші жартыжылдықта бір оқулықпен айналысып, кейін екіншісімен дайындалатын болады. Сондай-ақ қағаздың сапасы да талапқа сай келмеген болатын, суреттері де сай емес, бояудың сапасына - бюджеттен тағы да қаражат бөлінді. Сонымен қатар оқулықтар тез жарамсыз болып қалады, жыртылады, сондықтан тексеру нәтижесінде бізге ұнамсыз қорытынды берілді. Жауапкершілік әзірлеушілерге және оны бекітетін органға, бірінші кезекте министрлікке жүктеледі", - деді ол. 

Мәжілістегі "Нұр Отан" партиясы фракциясының жетекшісі Дариға Назарбаева осы жауаптан кейін былай деді: "Министрлік оқулықтардың нашар сақталуын ата-аналардың жауапкершілігіне жүктей салғанды жөн көреді. Бәрінен бұрын ата-аналар оқулықтардың белгіленген стандартқа сәйкестігін теексеруі керек, егер сәйкес келмесе, онда министрлік шығынның орнын толтыруы керек".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети