Министрлік өкілдері Қарағандыдағы жаппай төбелестің себебін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министрлік өкілдері Қарағандыдағы жаппай төбелестің себебін айтты Tengrinews.kz фотоколлаж

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов Қарағандыдағы жаппай төбелестің себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов Қарағандыдағы жаппай төбелестің себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні шамамен таңғы 04:30-да "Древний Рим" мейрамханасының аумағында жаппай төбелес болған. Онда мейрамхана келушілері, мейрамхана иелері мен қызметшілері болған. 

"Жедел тергеу шаралары барысында жаппай төбелеске қатысқан 14 адам анықталды және 9 адам (мейрамхана қызметкерлері) қатысқан. Егер суреттерден көрген болсаңыз, мейрамхананың аумағы үлкен, залдары да үлкен. Сол күні көңіл көтеру орталығында 400-ге жуық адам болған. Түнгі үш шамасында олар мейрамхананы жабады. Таңғы төрт кезінде келушілерге мейрамхананың жабылатыны туралы ескертілген. Осы жаппай төбелестің басталуына себеп болған. Ерегеспен басталған жанжалдың соңы төбелеске айналған", - деді Астанада брифинг барысында ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов

"Сонда болған келушілер мейрамханадан итеріп шығырылған. Содан кейін келушілер тарапынан 10 шақты адам келген. Олар мейрамханаға баса-көктеп кірмекші болып, әр түрлі сөздер айтқан. Осы кезде мейрамхана иелерінің тарапынан, қызметкерлер тарапынан шара қолданылған. Осыдан кейін төбелес шыққан", - деді ол. 

23 жастағы жігіттің өліміне қатысты және бұзақылы әрекеттер бойынша Қарағандыда сегіз адам ұсталды және қамауға алынды. Күдіктілердің бірі, азамат Гуруянға іздеу жарияланды. 

Қарағандыда төбелес: Дәрігерлер ауруханада жатқан жігіттің жағдайы туралы айтты

Еске салайық, мұның алдында Қарағандыда жаңажылдық түнде мейрамханада болған төбелестен ер адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Өңірдегі полиция өкілдерінің мәліметінше, 1 қаңтарда қаладағы мейрамханалардың бірінде зорлық белгілері бар 23 жастағы жігіттің денесі табылған. Осы уақытта әр түрлі дене жарақатын алған үш жігіт (24-27 жас аралығындағы жігіттер) медициналық мекеменің көмегіне жүгінген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети