16 қазан 2014 13:49

Министрлік өкілдері Өмірияевтің сотталуы жөнінде түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

ҚР Ауыл шаруашылығы өкілдері сотталған бұрынғы вице-министр Мүсілім Өмірияевке қатысты ахуал жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


ҚР Ауыл шаруашылығы өкілдері сотталған бұрынғы вице-министр Мүсілім Өмірияевке қатысты ахуал жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрліктің қоғаммен байланыс жөніндегі басқармасының жетекшісі Сәкен Қалқаманов өзінің Facebook-тегі парақшасында пікір білдіріп, бүгін бұрынғы қызметкер Мүсілім Өмірияевке шығарылған үкімнен соң ведомство басшысы Асылжан Мамытбековтің қызметтен кетуі мүмкін бе деген сауалға жауап қайтарды.

"Достар, таңертеңнен бері телефоныма тыным болмай жатыр. Бәрін Мүсілім Өмірияевке қатысты сот шешімінен соң не болатыны қызықтырады. Барлық құқықтық рәсімдердің сақталмағанын айтқым келеді. Сот шешімі күшіне енген жоқ. Өмірияевтің адвокатының сот шешіміне шағым келтіруге әлі мүмкіндігі бар", - деп жазды Қалқаманов.

Өткен жылдың желтоқсан айында қаржы полициясы вице-министр Мүсілім Өмірияевті ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұстаған болатын. Сол кезде ведомство басшысы оның кінәлі екеніне күмән келтіріп, оның аусылға қарсы вакцина сатып алу жөніндегі тендерге еш қатысы болмағанын айтты. Министр Мамытбеков 2013 жылдың желтоқсан айында егер Өмірияевтің кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді. 16 қазан күні - бүгін бұрынғы вице-министргі үкім шығарылды - оған қатаң режимдегі колонияда 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

46 жастағы Асылжан Мамытбеков Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне 2011 жылдың сәуірінде тағайындалды. Оған дейін әр жылдары Қостанай облысы, Астана қаласы және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2007-2008 жылдары ҚР Премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары болды. Содан кейін "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети