08 қазан 2017 13:12

Министрлік Ресейде болған жол апатынан аман қалған автобус жүргізушісінің қашан елге оралатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде болған жол апатынан аман қалған автобус жүргізушісі жақын арада үйіне оралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ресейде болған жол апатынан аман қалған автобус жүргізушісі жақын арада үйіне оралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, қазақстандық жүргізуші таяуда үйіне оралады.

"Тергеу жүріп жатыр. Жол апатынан аман қалған қазақстандық жүргізуші куәгер ретінде жауап беріп жатыр, тағы бірнеше күн Ресейде бола тұрады. Ол ауыр жарақат алған жоқ", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, СІМ өкілдері қаза болған жүргізушінің денесі жақында Қазақстанға жеткізілетінін айтты.

"Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар қаза болған ер адамның туыстарымен байланыста. Денені елге жеткізу мәселесін қарастырып жатыр", - деді министрліктегілер.

Еске сала кетейік, Владимир облысында жұмаға қараған түні автобус пен пойыз соғысқан болатын. Соңғы мәліметтерге қарағанда, жол апатынан 17 адам қаза болды. Өзбекстанның 55 азаматын қазақстандық екі жүргізуші тасымалдаған. Жол апатынан қазақстандық жүргізушіні қосқанда 15 адам қаза болған, тағы бес адам ауыр жағдайда жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети