24 ақпан 2015 10:03

Минскіде Назарбаев, Путин мен Лукашенконың кездесуін Астанада өткізу мүмкіндігі талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елші Ерғали Бөлегенов пен Беларусь сыртқы істер министрі Владимир Макей. ҚР СІМ баспасөз қызметі ұсынған фотосурет Елші Ерғали Бөлегенов пен Беларусь сыртқы істер министрі Владимир Макей. ҚР СІМ баспасөз қызметі ұсынған фотосурет

Қазақстанның Беларусьтегі елшісі Ерғали Бөлегенов пен Беларусь сыртқы істер министрі Владимир Макей Астанада таяу уақытта Қазақстан, Беларусь, Ресей басшыларының үшжақты кездесуін өткізу мүмкіндігін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елші мен Беларусь сыртқы саясат ведомствосы басшысының кездесуі 20 ақпанда өткен. "Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық алаңдарда, соның ішінде, ТМД мен ЕАЭО шеңберінде өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды. Бұған қоса, Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттерінің жуық арада Астанада өткізілуі мүмкін кездесуінің күн тәртібі туралы пікір алмасылды", - делінген хабарламада. 

ҚР СІМ мәліметінше, қазақстандық елші Беларусь сыртқы істер министріне Қазақстан халқы ассамблеясының ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастамасы жөнінде толық мағлұмат берді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети