02 қараша 2022 | 12:27

МҚІА казиноға 507 миллион теңге жаратқан шенеуніктерді тексереді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысындағы ойынханада 507 миллион теңге жаратқан 305 шенеунікті тексереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР МҚІА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысындағы ойынханада 507 миллион теңге жаратқан 305 шенеунікті тексереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР МҚІА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен жекелеген мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысу мәселелері бойынша тиісті тексерулер жүргізіліп жатыр.

Мемлекеттік қызметшілер тарапынан заңбұзушылық анықталған жағдайларда нақты шаралар қолданылады", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде айқындалғаны айтылды.

Реклама
Реклама

"Кодекске сәйкес мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік биліктің беделіне және мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттерге бармай, кез келген жағдайда әдеп нормаларын сақтап, бірінші кезекте елдің, мемлекеттің мүддесіне қызмет етуі тиіс.

Агенттікпен және әдеп жөніндегі уәкілдермен мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде іске асырылады", - делінген агенттік хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының прокуратурасы тексеру жүргізіп, 305 қазақстандық шенеунік ойынханада 507 миллион теңге жұмсағанын анықтады. Тексеру қорытындысы құзырлы органдарға тапсырылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram