05 наурыз 2014 15:26

Мүгедек спортшылардың үлесі сегіз пайызға артқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото Оtyrar.kz фото Оtyrar.kz

Елімізде спортпен шұғылданатын мүгедек жандардың үлесі сегіз пайызға артты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң төрағасы Тастанбек Есентаевқа сілтеме жасап. ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте агенттік төрағасы спорт саласына қатысты атқарылған жұмыстар туралы баяндаған болатын. "Соңғы жылдары спортпен айналысатын мүгедек жандардың саны көбейіп келеді. 2009 жылден бері 6 пайызды құраған көрсеткіш былтыр сегіз пайыздық деңгейді байқатты. Елiмiздегi паралимпиадалық қозғалыстың дамуына мемлекет тарапынан зор көңіл бөлініп отыр. Жалпы, паралимпиадашылар халықаралық деңгейдегі барлық жарыстарға қатысып, 7-16 наурыз күндері аралығында Сочи қаласында жалауы желбірейтін қысқы паралимпиадалық ойындарына 6 жолдаманы жеңiп алды", - деді Тастанбек Есентаев. Өз кезегінде агенттік төрағасы спорттың осы жағын ілгерілету үшін мүгедек адамдарға арналған спорттық дайындау орталығын құруды реттестіру керектігін мысалға алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети