28 желтоқсан 2016 00:36

Мұхтар Тінікеев өкілеттік мерзімін тоқтату туралы өтініш берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін депутаттық этика жөніндегі Кеңес отырысы өтіп, депутат Мұхтар Тінікеевтің өтініші қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Парламентінің төменгі палатасының сайтына сілтеме жасап.


Бүгін депутаттық этика жөніндегі Кеңес отырысы өтіп, депутат Мұхтар Тінікеевтің өтініші қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Парламентінің төменгі палатасының сайтына сілтеме жасап.

"Онда депутат М.Б. Тінікеев болған оқиға бойынша сайлаушылардан және әріптестерінен кешірім сұрай отырып, Орталық сайлау комиссиясына өкілеттік мерзімін тоқтату туралы ресми түрде өтініш бергенін хабарлады. Кеңес жағдайды жан-жақты талқылай келіп, депутаттың шешімімен келісті. М. Тінікеев өтінішінің толық мәтіні Парламенттің ресми сайтына орналастырылды", - деп хабарланды сайтта.

Еске салайық, таяуда Мұхтар Тінікеев жайлы даулы видео Желіде жария болған еді. 20 желтоқсанда таралған видеода Мәжіліс депутаты басқа бір депутатпен дөрекі сөйлесіп, шапалақпен ұрады. Роликте былапыт сөздер айтылады. 

Тінікеевтің өзі бастапқыда бұл видеоның екі жыл бұрын әзіл екенін мәлімдеген, алайда Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның 2016 жылдың желтоқсан айының ортасында болғанын анықтады.

Кейін Мұхтар Тінікеевтің жүрегі сыр беріп, аурухаға түскен болатын.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети