12 ақпан 2018 16:09

Мұратхан Тоқмәди Тараз қаласының сотына жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұратхан Тоқмәди. Сурет ашық мәлімет көздерінен Мұратхан Тоқмәди. Сурет ашық мәлімет көздерінен

Жамбыл облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Мұратхан Тоқмәдидің ісіне қатысты алдын ала тыңдау өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Жамбыл облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Мұратхан Тоқмәдидің ісіне қатысты алдын ала тыңдау өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Тоқмәдидің адвокаты өзін және айыпталушыны фото мен видеоға түсірмеу туралы шағымын айтты. Сот бұл өтінішті қолдады. 

Сот құрамы жарияланды. Ешкімнен қарсылық түспеген.

"05.02.2018 Жамбыл облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына М.Ш. Тоқмәдиге қатысты 96-баптың 2 тармағы "ж, з" бойынша қылмыстық іс келіп түсті. Іс материалы бойынша, Алматы қаласында қылмыстық әлемнің "беделдісі" және "Депутаттық корпус" ҰҚТ басшысы М.Ш.Тоқмәди "Банк Тұран Алем"АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Е.Н.Тәтішевті өлтірді деп айыпталып отыр. Бұл қылмыстық іс "Төрелік" ақпараттық жүйесімен судьяға қарастыруға үлестірілген. Қылмыстық істі қараудың мерзімі мен күні белгіленбеді", - деп хабарлайды Жамбыл облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіндегілер. 

Осыған дейін бизнесменге қатысты қозғалған қылмыстық істің сотқа жолданғаны хабарланған болатын.

Мұратхан Тоқмәдиге қатысты қылмыстық іс Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Азамат Тілеповтің төрағалығымен өтетіні хабарланған еді.

Еске сала кетейік, Мұратхан Тоқмәди былтыр 12 маусымда ұсталған болатын. Алматыда арнайы қызмет "Депутаттық корпус" атты қылмыстық топты ұстау бойынша операция өткізген еді. БАҚ-та шыққан ақпарат бойынша, бұл қылмыстық топты "ҚазШыныҚұрылыс" зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған. Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, оның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылған. Ал таяуда бизнесменге қатысты үкім шыққан. Мұратхан Тоқмәди 3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети