04 наурыз 2014 13:36

Мусин Қазақстанның Хорватиядағы елшісі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аслан Мусин. ©Нұрғиса Елеубеков Аслан Мусин. ©Нұрғиса Елеубеков

Аслан Мусин Қазақстанның Хорватиядағы елшісі болып тағайындалды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының Жарлығымен Аслан Есболайұлы Мусин Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорданың сайтындағы хабарламада. Бұған дейін 60 жастағы Аслан Мусиннің ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасы қызметінен босатылғаны хабарланған болатын. Оған дейін, 2008-2012 жылдары ол ҚР Президенті Әкімшілігін басқарды. Аслан Мусин саяси карьерасын Ақтөбе облысының әкімі (1995-2002жж) болып бастады, одан кейін Атырау облысына әкім болды. 2006 жылы Мусин ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, 2007 жылы ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы қызметтерін атқарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети